Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

02.07.2019 Шабытта «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауы өтті
1021

«Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай  «Nur Otan»  партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы  РҚБ бірлесе отырып жас домбырашылар арасында «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауын ұйымдастырды.

 
Видео: Ильзат Сафаргалиев

Байқау музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалар мен жасөспірімдерді көркем өнерге баулу, елдегі ұлттық мәдениеттің дамуын өзектендіру, отандық мәдениеттің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында өткізілді.

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 12 жастан 16 жасқа дейінгі 51 бала қатысты.
Байқаудың жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.