Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.02.2020 Нұр-Сұлтанда "Jas Sarbaz - meıіrіmdіlіk bіrіktіredі" жобасы өтті
793

Жастар жылы аясында елордада жастардың әскери - патриоттық тәрбиесін дамытуға бағытталған "Jas Sarbaz-meıіrіmdіlіk bіrіktіredі" жобасы өтті.


Видео: Камера 1 - Жансерік Ахмедин, камера 2, монтаж - Ильзат Сафаргалиев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. Осыған байланысты астанада "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері үшін әскери-патриоттық тәрбие мен ерікті қызметті дамыту үшін "Jas Sarbaz - meıirіmdіlіk bіrіktіredі" және "Еріктілер жылы" жобасының салтанатты ашылуы өтті. 

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Сенат және Мәжіліс депутаттары, "Жас сарбаз" жастар әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы А. Б. Налшыбек, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Олимпиада чемпиондары қатысты.