Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.04.2020 Мемлекет басшысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті
708

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимінің барлық талаптарын бұлжытпай орындау қажет екенін айтты.

– Шағын бизнесті шығарамыз деп жатырмыз. Жалпы қаланың тұрғындары карантин режимін міндетті түрде сақтауы керек. Онсыз болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың және медицина қызметкерлеріне сыйақы төлеудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа жұқпалы аурулар емханасын салу мәселесіне арнайы тоқталды.