Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.04.2020 Шығыс Қазақстан облысында орман өрті тәулік бойы сөндірілуде
1079

ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарай ауданындағы орман өртінің аумағы 2500 гектарды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өртті сөндіру кешкі және таңғы уақыттарда (ауа температурасы төмендеп, өрттің жайылуына қолайсыз жағдай туындағанда) өнімдірек болып тұр. Орман өртінің аумағы 2500 гектарды құрайды. Таңертең апат аймағын әуеден барлау жүргізілді» делінген хабарламада.


 Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-дан, «Ертіс орманы», «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттары, Ұлттық ұланнан 100-ден астам техника және 400-ден астам қызметкер жұмылдырылған.

Су бүрку құрылғыларымен жабдықталған ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АО-ның Ми-26Т тікұшағы, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасы» РМҚК-ның (Қазавиаорманқорғау) Ми-8 тікұшағы өрт ошақтарына су шашуда.