Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.07.2020 3 жыл жабық тұрған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі қайта жаңартылды
937

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда үш жылдан астам жабық тұрған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі қайта жаңартылды. Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын.

Жалпы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында соңғы кезде тарихи орындарда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ортағасырлық Күлтөбе қалашығы мен Хан ордасы, ескі мешіт орналасқан магистралды көше бойында археологиялық қазба жұмыстары қолға алынған.



Ал, Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы 5000-нан аса біздің эрамызға дейінгі 1 ғасырда жасалған ежелгі алтын бұйымдар табылған. Бұдан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталмақ. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыстары жүргізіліп, табылған жәдігерлер туристер көз қуанышына айналмақ. Қалада сондай-ақ, Б.Саттарханов даңғылы аумағында этноауыл салынуда.



Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілуде.

Кесенедегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері танысқан болатын.