Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.09.2020 «Астана Операда» премьера: «Дон Паскуале» драма-буффасы
290

Бүгінгі таңда таусылмас өткірлігімен, жайнақылығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін «Дон Паскуале» драма-буффасы ең танымал жиырма италиялық операның құрамына енеді және жыл сайын әлемнің 150-ден астам театрында сахналанады.



«Дон Паскуаленің» жазылу жылдамдығы бойынша аңыздар таралып жүр. Түрлі дереккөздерде 11 күннен бастап екі-үш аптаға дейінгі мерзімдер аталуда. 27 жыл ішінде өзінің 74 операсын жазған Доницетти үшін бұл – өте жылдам уақыт. Сірә, композитор ерекше құлшыныспен жұмыс жасаған болар.

Ғашық шалдың оқиғасы арқау болған сюжет Доницеттидің замандастарына көптеген әдеби туындылардан таныс еді. Сондай-ақ XVI ғасырдан бастап театр сахнасында классикалық комедияларда әрі опера-буффаларда қойылып жүрді.

Шалды үйлену ойынан айныту үшін достары сыпайы «монастырь тәриеленушісінен» әп-сәтте нағыз долыға айналып, күйеуін есінен тандыратын әйелмен жалған неке қиюын ұйымдастырады. Мұндай жағдайлар барлық уақытта да орын алады.

«Дон Паскуаледе» барлығы бар – махаббат, қулық пен қатал ойын, тапқыр шешімдер, киім ауыстырумен байланысты күлкілі жағдайлар, түңілу мен әшкерелеу... Әлбетте, ең бастысы – Гаэтано Доницеттидің нағыз музыкалық жауһары!

Бір сөзбен айтқанда, көрермен қауымды өмір мен театр мерекесі күтуде!

Екі бөлімді опера-буффа
Либретто авторы – Дж.Руффини,
А.Анеллидің «Сэр Марк Антонио» либреттосының желісімен
Премьерасы 1843 жылы 3 қаңтарда Париждегі Итальяндық театрда өтті
«Астана Операдағы» премьерасы – 2020 жылғы 2 және 3 қазан