ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 26 тамызда сағат 11.00-де «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің алаңында сатып алулардағы бәсекелестік тақырыбында Open Space өткізді.
Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік сатып алулардың рөлі
- Сатып алулар динамикасы мен құрылымы - сауда-саттықта адал бәсекелестікті дамыту проблемалары қандай?
- Шағын және орта бизнес
- Мемлекеттік және жеке меншік операторлардың қызметін қысқарту немесе шектеу керек пе?
- Картельдер және сөз байласулар
- Сатып алулардағы бәсекелестікті дамытудың осы және басқа да өзекті мәселелері 26 тамызда Open Space-те талқыланатын болады.
Іс-шараның спикерлері: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Арман Мамбетаев.
Open Space алаңындағы талқылаулар тікелей эфирде өтеді, барлық сұрақтарыңызды Казинформның Youtube-арнасында қоя аласыздар.