Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.12.2016 Назарбаев: Ана тілімізді түлетіп, ата дінімізді оралтқан айшықты елміз
1336


Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты аталмыш мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбатты отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлы мерекеміз әрі еліміздің асқар асуы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүрегімнен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді  жер жүзіне жариялап,  күллі әлемге паш еттік. Алдымен  көне түркінің бөрілі байрағының мұрагері көк туымызды БҰҰ төрінде желбіреттік. Әнұранымызды әлем көгінде әлеуеттік. Елтаңбамызды мәңгілік мөрге  айналдырдық. Төл теңгемізді  енгізіп, Ата заңымызды қабылдадық.  Қарулы  күштерімізді құрып, шекарамызды шегендедік. Мемлекеттік тілімізді әлемнің ең биік мінбесінен сөйлеткіздік. Біз 1500 жыл бұрын Күлтегін тұсында жазылған «Мәңгілік ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырып, елдігіміздің 15 ғасырлық тамырына  нәр бердік. Мәңгі жасыл етіп гүлдендірдік», - деді Елбасы.