НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын елордада зәулім ғимараттар мен бірегей нысандар және түрлі музейлер бой көтеруде. Өткен жылы Есілдің сол жағалауында Тұңғыш Президент музейінің жаңа ғимараты ашылған болатын. Бүгінгі таңда музейді күніне мыңнан астам келуші тегін тамашалайды. Өскелең ұрпақ үшін бұл музей тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихымен танысып қана қоймай, өз дағдыларын жетілдіруге болатын сүйікті орынға айналды. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай,
ҚазАқпарат тілшісі Елбасының жаңа музейі туралы деректерді ұсынады.
Видео: Ильзат Сафаргалиев