Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

26.03.2022 Алматыдағы Оқушылар сарайына Мемлекет басшысының сыйлығы тапсырылды
414

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа автобус табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа мектеп автобусымен балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарда

«Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен жабдықталған»,- деп атап өтті әкмідіктін баспасөз қызметі.


Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.