Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.04.2017 Жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады
2816


     Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы елордада жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайтында. 

Атап айтқанда, сәуірдің 19-нан 25-не дейін Тұран даңғылының «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығынан «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталығына дейінгі бөлігіндегі екінші кезектегі өту жолы жабылады. Сонымен қатар сәуірдің 19-нан 29-на дейін А. Байтұрсынов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ. Аманжолов көшесіне дейінгі учаскесі жөнделеді. Сәуірдің 19-нан 30-на дейін Тәуелсіздік даңғылының Қ. Мұнайтпасов көшесінен Ж. Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде тиісті жұмытар жүргізіледі.

     Осыған байланысты аталған учаскелерде автокөліктердің қозғалысы жартылай тоқтатылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев