Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.04.2017 Астана халқы «Турецкий хорымен» бірге ән салды
2515


АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада қалалық алаңда «Турецкий хорының» «Ән мерекесі» атты ашық концерті өтті. Ресей халық әртісі  Михаил Турецкий жетекшілік ететін әлемге әйгілі вокалдық ұжым Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында елордаға өзінің ең сәтті «Халықпен караоке» жобасымен келді.
Шара ашық аспан астында өтті және ниет білдіргендердің бәрі әртістермен бірге қосылып ән айтты. «Турецкий хорының» концерттік бағдарламасында көрермендердің сүйікті әндері, музыкалық хиттер енді және қазақ тілінде орындалды.
Айта кетейік, аталмыш жоба Қазақстанда алғаш рет өткен жылы өткен болатын. «Ән мерекесі» еліміздің бес қаласында ұйымдастырылды. Әртістер Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент және Астана қалаларында гастрольмен болды. Концерттерге мыңдаған көрермен жиналды. Биыл «Халықпен караоке»  Қазақстанның он қаласында өтеді. «Турецкий хоры» ең алдымен астаналықтарды қуантпақ.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев