Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.05.2017 Елордада Отан қорғаушы күніне орай мерекелік отшашу болды
2621

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай от шашу өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.


От шашу сонау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлі зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атулармен жүргізілді. Салют 2 заманауи от шашу құрылғысынан керемет мерекелік от шашуға ұласты. Олардың әрқайсысының 173 бағыттаушысы бар.
Мерекелік іс-шара, яғни, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылды. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары 9 мамырдағы мерекелік от шашуды Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалай алды.

Видео: Ильзат Сафаргалиев