Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.05.2017 Астанада салтанатты түрде гүл қою рәсімі басталды
2676

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қойды.

Президент және алаңға жиналған қауым Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды. 
Ресми рәсімнен кейін ҚР Республикалық үрмелі аспаптар оркестері еліміздің Гимнін орындады. Осыдан кейін Құрметті қарауыл ротасы ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев