Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.06.2017 Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен видео блиц-сұхбат
4081


АСТАНА. ҚазАқпарат -  Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысып, онда Ресей Федерациясы павильонындағы Татарстан секциясын ашқан болатын. Дәл сол күні мәртебелі мейман Астанадағы Ханшайым Сүйімбике атымен аталған көшенің ашылу салтанатына да қатысты. 
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановты қабылдады.
 «Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде.
Айта кетерлігі, Астанаға сапарындағы уақыттың тығыздығына қарамастан Рустам Минниханов «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат беріп, онда «ЭКСПО 2017» көрмесі, Қазақстан мен Татарстанның өзара байланыстары туралы әңгімелеген еді. Сұхбат қазақ, орыс және татар тілдерінде өрбіді.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев