Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.07.2017 Астанада «Қазақстан-Түркия достық әуендері-2» атты концерт өтті
1548

Елордада Түркия елшілігінің қолдауымен Юнис Эмре түрік мәдени орталығы ұйымдастырған  «Қазақстан-Түркия достық әуендері-2» атты концерт өтті.


Мәдени шара барысында Ернар Нұртазиннің дирижерлігімен, Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» оркестрі мен Түркия Мәдениет және туризм министрлігі «Түркі әлемі музыкалық ансамблі» сүйемелдеуімен түрік әншілері «Измирдің теректері», «Теңізде кешқұрым», «Халкалы шекер», «Бақша қабырғасын асып түстім» сынды әндерін орындады. Әсіресе, Дениз Гөкташтың канунда аспабының сүйемелдеуімен  қазақтың «Дудар-ай» әнін орындаған Чидем Гүрдал елордалықтардың ыстық ықыласына бөленді. Әншінің өнеріне тәнті болған елордалық әжелердің бірі Гүрдалдың иығына орамал жапты. Мұнан бөлек Ибадулла Матақовтың сөзіне жазылған Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін қазақтың қара домбырасымен  орындаған түрік әншісі Джем Гүрдал да астаналықтардың зор қошеметіне бөленді.
Видео: Ильзат Сафаргалиев