Әлемге танымал велотрюкач Витторио Брумотти «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында велосипедпен өнер көрсетті.
Витторио Брумотти 12 тамызда Елордада өтетін «Тур ЭКСПО-2017» кәсіби тас жол велосайысына келіп отыр. Өзгеге ұқсамайтын ерекше өнерімен шетелдік мейман жиналған жұртшылықты таң-тамаша қалдырды. 12 тамыздағы велосайысқа әлемнің 15 елінен 20 команда қатысады.
Видео: Ильзат Сафаргалиев