Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.09.2017 Арнаулы тілші Арнұр Ибраев арнайы ҚазАқпарат үшін: Лас-Вегастағы жекпе-жекке дайындық
1440

Астанада «Бәйтерек» монументінің жанында мыңнан астам адамның қатысуымен республикалық «Рухани жаңғыру» акциясы басталды



АСТАНА. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» жастар акциясы 15-22 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде келесі төрт бағыт бойынша өткізіледі:

«Білім» - «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық салт-дәстүр, Қазақстан және туған өлке тарихы жайлы викториналық сұрақтар түрінде өтеді.
«Асар» - зейнеткерлерге, жалғызбасты адамдарға және басқа да мұқтаж жандарға көмек. Мәселен, жастар ауыр үй жұмыстарын жасау арқылы егде жастағы адамдарға көмектеседі. Сонымен қатар, балалар үйі мен аулалардағы балалар алаңдары және басқаларына жөндеу жұмыстарын жасау сынды қайырымдылық әрекеттер.
«Тағзым» - киелі жерлерді тазарту және көріктендіру, ағаш отырғызу.
«Өнер» - барлық қалалар, аудан орталықтары, ауылдық округтердегі түрлі мәдениет өкілдерінің қатысуымен өтетін жастар фестивалі.

Акцияның мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау. Ұйымдастырушысы – Астана қаласы жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасы.
Видео: Ильзат Сафаргалиев; монтаж: ​Нурсултан Омирбеков