Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.09.2017 «Астана Опера» балет труппасы гастрольмен шығысқа жол тартпақ
1336

«Астана Опера» балет труппасы Маскат қаласындағы (Оман) Корольдік опера театрының сахнасында П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклінің премьерасын ұсынбақ. 

«Астана Опера» балетінің 80-ге жуық әртісі техникалық қызмет жұмыскерлері, сахна механиктері, жарық берушілер, грим жасаушылар, костюмерлер, реквизиторлар және басқа да қызметкерлермен бірге 24 қыркүйек күні алыс жолға шықпақ. 

Айтулы оқиға 28-30 қыркүйек аралығында өтеді. Барлық үш қойылым маэстро Джузеппе Акуавиваның басқаруымен Карло Феличе театрының (Генуя қаласы, Италия) симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Әйгілі «Аққу көлі» спектаклін қазақстандық орындаушылар мен италиялық инструменталистер орындайтын болады. Жаңа хореографиялық редакцияның авторы – балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

 
 Видео: Нурсултан Омирбеков