Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.10.2017 «Қара береттен» үміткерлер емтихан тапсырды
2015

«Қара берет» тек айырым белгісі ғана емес, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің абырой-беделі болып табылады, ол - ерліктің, батылдық пен намыс-жігердің, сондай-ақ дене шынықтыру, әскери, мамандандырылған және кәсіби дайындықтың нышанын білдіреді.


Тестілеудің негізгі мақсаты - қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жеке дайындығын бағалап, үздіктерді анықтау. Сондай-ақ, бұл сынақтар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге кәсіби тұрғыдан серпіліс беріп, олардың бойындағы патриоттық сезімді арттырып, рухтандыруды көздейді.

Жоғары тұрған лауазымға тағайындау және арнаулы атақты мерзімінен бұрын беру кезінде алдымен «қара берет» иегерлеріне басымдық беріледі. 2007 жылы ҚР МКҚ алғаш рет «Қара берет» алуға сынақ тапсыруды енгізді.

 Видео: Ильзат Сафаргалиев