Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.10.2017 Елорда әуежайында «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық жаттығулар өтті
1215

«Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайында дәстүрлі «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық жаттығулар өтті

Құтқарушылар жаттығу барысында әр түрлі маневрлар жасады. Атап айтқанда, олардың міндеті бүгін ұшақ отыру үшін жылдам тіркеуден өту, ұшу-қону жолағындағы өртті сөндіру және зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсету болды.


Биылғы сценарий бойынша, Риxтер шкаласына сәйкес оңтүстік өңірде жерасты дүмпулері 9 баллға дейін жетсе, Астана әуежайы зардап шеккен өңірді әуе тасымалымен қамтамасыз ету қызметі болады. 

«Сценарийде Астанада жер сілкінісі қарастырылмаған, біз жерасты дүмпуі болуы мүмкін өңірге көмек көрсетеміз», - деді Марат Құндақбаев

Жаттығуға 50 адам мен 10 әуежай қызметі қатысты.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев