Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.10.2017 Америкалықтар Қазақстан боксы жайлы тамаша фильм түсірді
1265

Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі Пол Стюарт қазақстандық боксшылардың жеңістерінің құпиясы неде екенін анықтау үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Sports.kz


Осы саяхатында Стюарт Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің үйінде қонақ болып, Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сұхбаттасты. Қазақтың ат суыту дәстүрлерімен танысып, жылқы етінен әзірленген ұлттық тағамдарына тәнті болды.

— Бокс мамандары жақсы нәтижелердің негізінде көптеген факторлардың жиынтығы жататынын айтады. Ұлтын шексіз сүюі, намысы мен жігері, тамақтану ерекшеліктері, спорттың осы түріне деген сүйіспеншілік қазақ боксшыларын қуатын арттырып, өресін биік етеді. Көшпенділер үшін жылқы ғасырлар бойы мінсе көлік, түзде досы, жесе асы болып келген. Атқа қонған қазақтың арқасы қозып, туған жерін қорғау үшін отқа да, суға да түседі.
Қазақстанның жоғары деңгейлі боксшыларында ата-бабаларынан мұра боп қалған ерекше рухани қуаты мен ерік-жігері бар, бұл олардың шаршы алаңдағы жетістіктерінің басты кепілі. Арғымақ аттың ұлан-ғайыр далада көсіліп шапқаны секілді қазақстандық боксшылардың да жеңілмес рухы бар. Қазақтарда басқа халықта кездеспейтін адам мен табиғаттың үндестігі бар, — дейді Стюарт.