Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

19.10.2017 Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі - 2017» халықаралық форумы өтіп жатыр
1599

Астанада алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылуының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі - 2017» атты халықаралық форумы өтіп жатыр.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып жатқан форумның мақсаты - экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, соңғы 10 жылдағы ғарыш қызметінің қорытындысын қарастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ғарыш саласын дамыту жоспарларын талқылау.
 

2013 жылы өз жұмысын «Қазақстандағы Ғарыш күндері» жыл сайынғы халықаралық семинар ретінде бастаған шара биыл өзінің шекарасы мен ықпал ету аясын кеңейтті. Бұл іс-шара халықаралық форумға айналып, ғарыш саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын алаң ретінде жұмысын жалғастырмақ.

Видео: Ильзат Сафаргалиев