Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.11.2017 Астанада «Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
1540

«Астана» концерт залында «Шабыт» XX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті

 
Фестивальдің номинациялары: «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», 
«Ұлттық музыка», «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма», «Актерлік шеберлік». Қазақстан Республикасы Президентінің кубогын «Шабыт-2017» фестивалінің бас жүлдесін «Классикалық музыка - Скрипка» номинациясы бойынша Жібек Мұсырғалиева иеленді. 
Фестивальге қатысуға 515 адам өтініш білдірген. Конкурсқа Астанадан 100 өнерпаз қатысса, қалғандары Қазақстанның түрлі өңірлерінен және Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения сияқты шетелдерден келген. 
Қазылар алқасының құрамында Қазақстан, Украина, Якутия, Армения, Сербия, Латвия, Германия, Австрия, Мексика, Ресей, Македония, АҚШ, Иордания, Италиядан келген танымал мәдениет және өнер қайраткерлері болды. 

«Шабыт» -  өнер саласындағы маңызды оқиға және дарынды жастардың өз өнерлерін үлкен сахнада паш етуіне мүмкін беретін бірегей алаң саналады.

Видео: Ильзат Сафаргалиев