Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.11.2017 Құқық қорғаушылар мен әскерилер елдің «Рухани жаңғыруын» сахнада көрсетті
1129

Астанадағы «Қазақстан концерт» залында Қазақстандағы құқық қорғау органдары және әскери мекемелердің арасында «Рухани жаңғыру – патриотизм  негізі» атты ведомствоаралық республикалық байқау өтті.

 

Байқауда Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өкілдері бақ сынасты.
Командалар 2 айналым бойынша сайысқа түсті. Біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен  бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен құралды.
 
Видео: Нурсултан Омирбеков