Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.12.2017 Қазақстан Үкімет басшысы инвесторлар үшін кірісі мол салаларды атады
2694

Елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» халықаралық дөңгелек үстелі Қазақстан экономикасындағы инвестициялар мәселесіне арналды 

Үкімет басшысы шетелдік инвесторларды белсенді болуға шақырды. 
«Қайта өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін біз геологиялық барлауға инвестиция, шикізатты байыту мен өңдеуге жаңа технологиялар тартуға мүдделіміз», - деді Үкімет басшысы. 

«Біздің стратегиялық мақсатымыз - Қазақстанды Орталық Азияның ірі көлік-логистикалық хабына айналдыру. Таяу 2-3 жылдың ішінде үкімет транзиттік тасымалды 2 млн контейнерге дейін арттыруды және транзиттен түсетін кірісті 5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.