Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.10.2016 «Алматы аруы - 2016» байқауын 17 жасар Камила Әсілова жеңіп алды
1685

Фото: Александр Павский
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Алматы аруы - 2016. Мыңжылдықтың сұлуы» байқауының финалы өтті. Конкурс Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы аруы - 2016. Мыңжылдықтың сұлуы» байқауын Республикалық эстрадалық цирк колледжінің түлегі Камила Әсілова жеңіп алды. Ол 17 жаста. Камила университетке, актерлік шеберлік факільетіне түсуді немесе хореографиялық білімді жалғастыруды жоспарлап жүр. Камиланың сөзінше, болашақта ол кәсіби би студиясын ашуды армандайды.
Сонымен қатар, бірінші вице-ару атағына Айдана Әлиева, екінші вице-ару атағына Лаура Исмаилова, үшінші вице-ару атағына Адема Алмаз лайықты деп табылды. Сонымен қатар байқауда бірнеше аталым белгіленген болатын. Осыған қарай, «Суперстар ару» аталымын Адема Нұрғали жеңіп алды. «Теңдессіз ару» аталымына Адема Алмаз лайықты болды. «Халық таңдған ару» аталымы Валентина Черкашинаға бұйырды. «Универсиада аруы» аталымын Владислава Лизова жеңіп алды. http://inform.kz/kz/almaty-aruy-2016-baykauyn-17-zhasar-kamila-asilova-zhenip-aldy_a2957441