Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

03.04.2019 Мәскеу, 2019 жыл: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары
2780

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Президенті В.Путиннің шақыруымен 2019 жылғы 3-4 сәуірде Ресей Федерациясына сапармен барды.
Ашық, достық және сындарлы жағдайда өткен келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың негізгі мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ өзара мүдделі өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды мұқият талқылады.
Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы одақтастық және стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету, олардың тұрақты дамуы мен халықаралық аренадағы беделін арттыруға жәрдемдесу мақсатында қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету ниетін растайды.
Мемлекеттер басшылары жемісті келіссөздер мен сапар барысында қол қойылған екіжақты құжаттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дәстүрлі достық, теңқұқылы қатынастардың, сондай-ақ екі ел халықтарының арасындағы бауырластық және тату көршілік байланыстардың қарышты дамуына жәрдемдесетінін атап көрсетті.

 
Фото: akorda.kz