Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.05.2019 Фоторепортаж: XII Астана экономикалық форумы
3599

 Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен XII Астана экономикалық форумы басталды.
«Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатқан форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда. Тіркелген делегаттардың жалпы саны 5 492 адамды құрайды. АЭФ-2019 шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан да үлкен қызығушылық тудырды. 30 елден 710-нан астам БАҚ өкілдері қатысуда.
Форумға қатысатын шетелдік қонақтардың қатарында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты сынды танымал тұлғалар бар.
АЭФ-2019 теңдесі жоқ болып табылады. 12 жыл ішінде алғаш рет оның қабырғасында екі күн ішінде 50-ден астам сессия мен іс-шаралар өтеді. Форум тарихында алғаш рет студенттер мен жастар іс-шараға тегін қатысуға мүмкіндік алады. Олар үшін арнайы формат - AEF Talks әзірленген. Онда Нобель сыйлығының лауреаттары мен саяси қайраткерлермен ашық дәрістер мен кездесулер қарастырылған.