Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.04.2020 Шығыс Қазақстан облысында орман өрті үш тәулік бойы сөндірілуде
2628

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндіріліп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оны сөндіруге облыстық ТЖД-дан, «Ертіс орманы», «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттары, Ұлттық ұланнан 100-ден астам техника және 400-ден астам қызметкер жұмылдырылған.
Өрт 23 сәуірде 15:00-де «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлы орманда шықты. Оның аумағы шамамен 2500 гектарды құрап отыр.