01.05.2020
Бір ай үзілістен кейін еліміздегі екі ірі әуежай жұмысы жанданды
2840
Қазақстанда ішкі әуе рейстері жанданды. Бірінші рейс бүгін, 1 мамырда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшты. Ұшар алдында жолаушыларды эпидемиологиялық қызмет тексереді: температура өлшейді, COViD-19-ға жасаған тест нәтижесі көрсетілген анықтаманы қарайды. Дәл осындай тексеріс рейске тіркеу кезінде және тексеру аймағында да жүргізіліп жатыр.