Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.06.2020 Елорда мен Алматыда теміржол вокзалдары жұмыс істеп тұр
3015

1 маусым күні «Нұрлы жол» вокзалынан карантин енгізілгеннен бері алғаш рет қалааралық пойыздар жолға шықты. Елорда вокзалында адам көп. Қауіпсіздік талаптары бойынша ғимаратқа тек билеті бар жолаушылар ғана кіре алады, ал шығарып салушылар вокзалдың сыртында қалады. Ғимаратқа кірер тұста жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Бүкіл вокзал аумағында санитайзерлер орнатылған. Қызметкерлер маскамен және қолғаппен ғана жұмыс істейді, вокзал дезинфекциялық құралдармен жиі өңделеді. Ғимараттың ішінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгі салынған.