10.11.2016
Теңізшевройл: санайғақ
1350
Фото: Даурен Мухамеджанов, архив ТШО
Теңізшевройл: санайғақ
2016 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында шикі мұнай өндірісінің көлемі 20 миллион тоннаны (160 млн. баррель) құрады.
Осы мерзімде ТШО 970 мың тонна сұйытылған газ, 5,25 миллиард текше метр құрғақ газ, сондай-ақ 1,67 миллион тонна күкірт сатты.
2016 жылдың 9 айында 3,5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты мемлекет қазынасына тікелей төледі. Одан бөлек, ТШО 1,3 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауары мен қызметтерін пайдаланды. Соның ішінде Келешек кеңею жобасы-Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы аясындағы 333 миллион АҚШ доллары бар.