Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.06.2020 Қазақстан полицейлері тәулік бойы және кез келген ауа райында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүр
3901

Бүгін, 23 маусымда Қазақстанда полиция күні атап өтіледі. Полицейлер таң алагеуімнен бастап түннің бір уағына дейін елдің тыныштығын күзетеді. Олар ерлік жасап, адам өмірін құтқарады, өз қызметін абыроймен адал атқарып, халықтың құрметі мен махаббатына бөленеді. Бүгінгі фоторепортажымызға тәртіп сақшыларының қиындыққа толы қызметі арқау болды.