Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.01.2021 Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтуде
1943

6-7 қаңтар күндері Қазақстан православ христиандары діни мерекелердің бірі - Рождествоны тойлайды. Бұл атаулы күн күнтізбедегі қызыл күн ғана емес, ол ел халқының рухани өмірін айшықтайды. 
Рождестводан кейін қасиетті күндер басталады. Христиандар 12 күн бойы мейрамды атап өтеді. Осы күндері бүкіл храмда құдайға сыйыну рәсімі өтеді. 
Дегенмен биыл көпшілік коронавирусқа байланысты Рождествоны жаңа талаптармен қарсы алып отыр. Бірақ бұл православ христиандарының сенімін нығайтып, храмға барып, мінәжат етуіне кедергі емес.