Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.02.2021 Нұр-Сұлтан қаласында қар жинауға екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды
1234

Елордамызда демалыс күндері көп қар жауып, күн аяз болды.
Кеше түнде елордада қалың қар жауды.  Таңертеңнен бастап жұмысшылар жолдарды тазалап, қала тұрғындарының қозғалысына қолайлы жағдай жасалды.  
Бүгін 1200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар қар жинауға 2 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты. 
Айта кетейік, елордада қарды жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі.  Әдетте жолдарда кептелістер болмауы үшін алдымен қозғалысы қарқынды учаскелер жиналады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады. Өткен тәулікте ғана Астанадан 39,5 мың текше метр қар шығарылды.