Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.03.2021 The Guardian басылымы көздің жауын алатын Қазақстандағы мұздықтың таңғажайып суреттерін жариялады
1163

Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы жағдайында қазақстандықтар көбірек тауларға, атап айтқанда, Тянь-Шань тауларына шығып, сондағы мұздықтардың керемет сұлулығына тамсана бастады. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары  негізінен теңіз деңгейінен 3 500 метр биіктікте орналасқан Богданович мұздығына келеді, деп жазады The Guardian. Жарияланған суреттерде мұздық табиғат жаратқан жаратылыстан гөрі фантастикалық блокбастердің декорациясына көбірек ұқсайды.