Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.03.2021 Коронавируспен өткен бір жыл: Қазақстанда қандай карантин шектеулері болды?
2092

Өткен жылдың наурыз айы Қазақстан үшін нағыз сынақ болды. 2020 жылғы 13 наурызда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. 16 наурызда Төтенше жағдай режимі енгізілді. Содан бері елде пандемияға қатысты жағдай ерекше бақылауда. Қазақстандықтар қатаң карантин шектеулерінен өтті, олардың бір бөлігі республикада әлі сақталып отыр. Оқушылар мен студенттер қашықтан оқыту форматына көшті, қазақстандықтардың біраз бөлігі қашықтан жұмыс істеп жатыр. Блокпостар қойылды, пойыздар, рейстер тоқтады, дәрі-дәрмек жетіспеді, Жалпыұлттық аза тұту күні белгіленді - пандемия жағдайында өткен жыл осы және басқа да оқиғалармен есте қалады. 
Коронавирус жайлаған кезең жақында аяқталады деп үміттенеміз. Алайда «халықтың қуаиы - бірлікте» екенін есте сақтау керек. Тек бірге коронавирусты жеңуге болады. Ең бастысы – қарапайым сақтық шараларын сақтау.