01.06.2021
Бала — өмірдің гүлі: Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді
1527
Бүгін балалар үшін ерекше күн. Таңертеңнен бастап ата-аналары мен жақындары оларды мерекемен құттықтап, тосынсый жасап, саябақ пен аттракционға апарып қыдыртады.
Нұр-Сұлтанда таңнан бастап ерекше атмосфера сезілді. Саябақтардан балалар әндері естіліп, концерттер ұйымдастырылды, жас тұрғындарға балмұздақ пен тәттілер тегін берілді. Бұл жарқын мерекені жыл сайын атап өте келе, балалар әрқашан қорғауда болатынына, ересектер олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ететініне сенім қалыптасады.