Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.06.2021 Сабақтастық жолы: Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігіне екі жыл
1544

Екі жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдап, Мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Президенттіктің екі жылы ішінде қоғамдық-саяси саланы реформалау, әлеуметтік жаңғырту, экономикалық өсімді жеделдету бойынша шаралар қабылданды. Айта кету керек, Президенттің бірінші жарлығы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлық болды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы бастамаларды іске асыру аясында 17 заң және Мемлекет басшысының үш Жарлығы қабылданды. Сарапшылар атап өткендей, екі жыл ішінде көптеген маңызды салалардағы қызметкерлердің материалдық жағдайы жақсарды. Маңызды сәттердің бірі жер мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау болды. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстанның жерлерін сатуға және жалға беруге тыйым салды. Жалпы алғанда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылық еткен екі жылы ішінде қоғамдық процестер саласында, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуда, пандемия кезінде халықтың әлеуметтік деңгейін сақтауда жүйелі қадамдар жасалды.