Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.06.2021 Нұр-Сұлтанда URKER ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
844

Бүгін астанадағы «Қазмедиа орталығында» мерзімді баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. Биыл Ұлттық сыйлық бесінші рет өткізіліп отыр. Байқау дәстүрлі 11 номинация бойынша өтті, ал оған қосымша жаңадан 12-ші – «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясы ұсынылды. Жеңімпаздарға куәлік, «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
 Жеңімпаздардың есімімен мына жерден танысуға болады. https://www.inform.kz/kz/urker-2021-ulttyk-baygesinin-zhenimpazdary-anyktaldy_a3804904.
Байқау қорытындысы бойынша «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» болып «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты – inform.kz танылды. https://www.inform.kz/kz/urker-2021-kazakparat-zhyldyn-uzdik-zhanalyktar-portaly-atandy_a3804873