Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.08.2021 Шырайлы Шығыстың көз тоймас көрікті жерлері
797

Аспанмен астасқан Алтай таулары, суы шипалы айдынды Алакөлі, ел аузында «екінші Швейцария» атанып кеткен Катонқарағайы бар Шығыс Қазақстанда жыл сайын туристер саны артып келеді. Тұмса табиғат аясында тынығып, көңіл сергітіп қайтқанға не жетсін, шіркін!  Осы ретте, ҚазАқпарат агенттігінің фототілшісі Шығыс өңіріне барып, қарағанда көз құмары қанатын көрікті жерлерді тамашалап қайтты. Назарларыңызға сол сапардың жарқын сәттерін ұсынуды жөн көрдік.