Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.09.2021 Қазақстан мен Солтүстік Македоияның сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізді
528

Нұр-Сұлтан қаласына Солтүстік Македония Республикасының сыртқы істер министрі Буяр Османи ресми сапармен келді. Сапар барысында мейман Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. ҚР СІМ ғимаратында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Солтүстік Македония ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөніндегі қадамдарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Айта кетейік, Османиды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдаған болатын.