Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.09.2021 Мұнайдан ядролық өнеркәсіпке дейін: Алматыда машина жасау кәсіпорны қалай жұмыс істейді
584

Қазақстанда машина жасау саласының негізін тау-кен және мұнай-газ өнімдерін өндіретін кәсіпорындар құрайды.
«Белкамит» ЖСШ мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, газ өндіру компаниялары, сондай-ақ атом, энергетика, металлургия, құрылыс және тамақ салалары үшін ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өнімдердің кең номенклатурасын жобалауды және дайындауды жүзеге асырады.

Қазіргі кезде кәсіпорында 200 адам жұмыс істейді. Өнідірісте әйел адамдар да қызмет етеді, алайда олардың үлесі көп емес. Бізде машина жасаушылар әулеті, ең мықты пісірушілер еңбек етеді. Қазіргі кезде қазақстандық нарықта осындай жабдықтарды дайындайтын компаниялар азаюда.