28.09.2021
Елордада «Ұлы даланың аңыздары» топтамасымен шыққан қазақстандық комикстердің тұсаукесері өтті
1313
Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Ұлы дала аңыздары» топтамасымен шыққан жаңа комикстердің тұсаукесерін өткізді. «Ұлы дала аңыздары» атты топтамаға «Еңлік-Кебек», «Естай-Қорлан», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Жұмбақтас», «Айша бибі», «Шайтанкөл», «Балқаш» сияқты халық ауыз әдебиетінің туындылары енген. Тұсаукесер аясында осы комикстердің сюжеттері желісімен түсірілген көркем фотосуреттер көрмесі ұсынылды.