Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.10.2021 Жұмысшылар Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін қардан тазалап жатыр
537

Елордада қалың қар жауып, жұмысшылар көшеде қар күреп жатыр. Еске сала кетейік, бүгін түнде жауған ақ үлпа астана таңын безендіре түсті. Ауа райының нашарлауына байланысты кептелістер пайда болды, автобустар кідірді, жол-көлік оқиғаларының көптеген фактілері тіркелді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар жаяу жүргіншілерге арналған жолды тазалайды, көлік пен қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысы үшін таңертең көшелердегі қар күреледі.