Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.10.2021 Нұр-Сұлтанда KIOGE-2021 «Мұнай және газ» көрмесі өтіп жатыр
1622

Нұр-Сұлтанда 5-7 қазан аралығында KIOGE-2021 «Мұнай және газ» көрмесі өтіп жатыр. KIOGE көрмесі 13-тен астам салаға арналған. Олардың қатарында мұнай өндіру, геофизикалық жұмыстар, инжиниринг қызметтері, құрылыс, бұзбай бақылау және техникалық диагностика бар. Биыл KIOGE көрмесіне Австрия, Бахрейн, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Хорватия елдерінен 156 компания қатысып жатыр. Экспозицияның жалпы ауданы – 2 700 шаршы метр. Көрмеге ҚазМұнайГаз, Каспий Құбыр Консорциумы, Теңізшевройл, Лукойл, Татнефть, Құбырлық Металлургиялық Компаниясы сияқты ірі компаниялар өзінің стендтерін қойды. Беларусь Республикасы мен Германия ұлттық стендтерін ұсынды. Сонымен қатар шарада Ресейдің Волгоград облысы, Башқұртстан, Мордовия мен Татарстан Республикаларының экспорттық потенциалы таныстырылды.