Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.10.2021 Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті
631

Алматыда Әлібек Дінішевтің 70 жылдық мерейтойына арналған жеке концерт өтті. Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болды. Концерттік бағдарламаға Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысты. Концерт барысында қазақ, орыс халық әндері, сондай-ақ, әлемдік классикалық шығармалар орындалды. Сонымен бірге, мерейтой иесі жаңа туындыларын да орындады. Әншінің бұл концертін 22 қазанда Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында және қараша айында Мәскеу қаласында өткізу жоспарланған.
Әлібек Мұсаұлы Дінішев – КСРО Халық әртісі және Қазақ КСР-і мен Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.