Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.10.2021 КСРО ТЖМ бірінші ұшағы мен Естелік бөлмесі: Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайынан фоторепортаж
616

Елорданың сол жақ жағалауындағы №2 өрт сөндіру бөлімінде Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайы орналасқан. Ол 2014 жылы Астана күні алдында ашылған. Алайда қысқа мерзім ішінде көпшілікке танымал болды. 
Мұражайдағы ерекше экспонат – ат-бөшкелік композиция. Ол өткен шақ – өртті ат бөшкемен жеткізілген сумен сөндіру кезеңін бейнелейді. Өрт сөндірушілер қазіргі уақыт пен өткеннің байланысын көрсету үшін бұл макетті өздері жасаған. 
Мұражай қонақтары сондай-ақ КСРО ТЖМ алғашқы ұшағының бірегей макетін көріп, құтқарушылардың кәсіби хоббиімен таныса алады. Ал мұндағы естелік бөлме баласы, жұбайы, әкесі, ағасынан айырылған адамдардың эмоцияларына толы. Барлығына кінәлі – жалындаған от. Мұражайда өрт сөндірушілердің жеке заттары да сақталуда. Қызмет кезінде қаза болған өрт сөндірушілердің отбасылары қарапайым қала тұрғындарының өмірін құтқару жолында құрбан болғандардан қалған естеліктерді осында қалдырған.