Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.11.2021 Қазақстандық хореографтар көрермен назарына бірегей қойылым ұсынды
565

Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогтары мен тәрбиеленушілері кәсіби хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» ІІ Халықаралық фестивалі аясында Astana Ballet театрында Мариус Петипаның «Роман бутона и мотылька» бірегей қойылымын көрсетті. Айта кетейік, «Роман бутона и мотылька» М. Петипаның үлкен театр сахнасында қойылып үлгермеген соңғы шығармасы. Міне, бір ғасырдан аса уақыт өткеннен кейін Қазақ ұлттық хореография академиясының талантты хореографтары мен жас әртістерінің арқасында бұл қойылым үздік балет театрларының бірінің сахнасында көрсетілмек. Балет хореографиясы жоғалып кеткен еді, оны қазақстандық көрермен үшін белгілі хореограф Василий Медведев арнайы қайтадан жасап шықты.